Шымкентте ер адамды автобус басып кетті
09:11, 29 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте «Шымкент газмонтаж» АҚ-да 47 жастағы жүргізуші автобустың доңғалағын ауыстырамын деп, өзі сол автобустың астында қалып мерт болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.