Шымкент қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде өткен басқосуда фармацевтикалық компаниялардың қызметін лицензиялау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық талаптар және тиісті фармацевтикалық практика мәселелері сөз болды. Семинарға Департамент басшының орынбасары мен фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің мамандары, «ДАМУ» Оңтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының басшысы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Шымкент қаласы бойынша өкілі, қалалық фармацевтикалық және медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы объектілерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға, кәрізге, желдетуге және үй-жайларын жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар, дәрілік заттарды дайындайтын объектілер эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге жататындықтан, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытынды алуы тиістігі айтылды.16:59, 21 Желтоқсан 2019
Шымкентте фармацевтикалық компанияларға санитарлық талаптарды сақтау керектігі ескертілді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бизнес өкілдерінің санитарлық-эпидемиологиялық саладағы нормалар мен ережелерді сақтауы мен тиісті заңдылықтарды сақтауы қатаң бақылауға алыну керектігін бас айтқан болатын. Осы ретте Шымкентте фармацевтикалық қызмет пен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.