Қайғылы оқиға кеше кешкісін болды. Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқаққа түскен 10 жастағы жеткіншек суға батып кеткен. Бұл туралы сағат 19:30 шамасында Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына хабарлама түскен.
«Бала ата-анасының қадағалауынсыз жүрген. Қазір Полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындады», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Жалпы Шымкент қаласы аумағында суда жаппай демалу, туризм және спортпен шұғылдану үшін 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Ал қала аумағында жалпы 32 фонтан бар. Оның 25-і жұмыс істеп тұр.