Байрақты бәсекеде әйелдер арасында ең мықты деген 6, ерлер арасында 4 команда жүлделі орынға таласуда. Оның ішінде оңтүстіктіктің «Қазығұрт» командасы суперлиганың ең жас командасы саналады. Соған қарамастан шымкенттік қыздар «Алтай» командасымен кездесіп, 22-17 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, кезінде олимпиада ойындарына қатысып, ел намысын қорғаған «Қазығұрт» командасы осы сында 5-ші кезеңге өтетін болса, ел чемпионатының үш дүркін чемпионы атанады.
Гандболдан ел чемпионаты наурыздың 15-іне өз мәресіне жетеді деп жоспарланған. Бұл жарыстан кейін қол доптан шеберлері жоғарғы лига командалары арасында өзара үздіктерді анықтайтын болады.