Саяси тұрғыда маңызды шарадан шет қалмаған әжей Ата заңға түзетулер топтамасын енгізу жалпы тыныс-тіршілігімізге, құқығымызға, өмірімізге тың серпін береді деген сенімде.
«Қазіргі конституциялық реформа тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатыны қуантады. Жалпыхалықтық референдум халыққа тең мүмкіндіктер береді»,- дейді Заря Ибрагимова.
Ата заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар - демократиялық мемлекет қалыптастырудағы маңызды қадам дейді шымкенттіктер.
Сондықтан референдум учаскелеріне келіп, дауыс беруге белсенді қатысты.
Кешкі сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша қала тұрғындарының 62,07 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген.