Облыстық газ таратушы мекеменің хабарлауынша, бүгін түнгі сағат 02:49-да кезекші бөлімге пәтерлердің бірінен жасөспірімнің иістен уланып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына түнгі сағат 3:22-де жеткен авариялық бригада қызметкерлері пәтердің лоджиясынан 2003 жылғы жасөспірімнің қаза тапқанын анықтаған.
Үйді қарау барысында су жылытқыш пешінің қосулы тұрғаны және одан газдің иісі шығып тұрғаны белгілі болды. Мамандар сондай-ақ пәтердің лоджиясына су жылыту пешінің талаптарға сай емес етіп қойылғанын тіркеді.
Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың себеп салдары анықталып жатыр.
14:26, 16 Қараша 2018
Шымкентте газдан уланған жасөспірім көз жұмды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте газдан уланған 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Қайғылы жағдай бүгін түнде қаладағы мөлтекаудандардың біріндегі көпқабатты үйде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.