Оны Туризм және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, "Нұр Отан" ХДП және ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитеті бірлесіп ұйымдастыруда. Бұл байрақты бәсеке 2012 жылы Лондонда болатын Паралимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алуға дайындық кезеңі саналады.
Жалпы І Паралимпиада ойындары 2001 жылы Астана қаласында өткен еді. Онда жалпы есепте астаналықтар үздік шықты. Одан кейін 2007 жыл Талдықорғанда болған ІІ Паралимпиада ойындарында алматылықтардың мерейі үстем шықты. Онда 2-3 орынды Қарағанды облысы мен Астана қаласының командасы бөліскен еді. Биыл Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс мамыр-қыркүйек айларында аймақтық іріктеу жарыстарын өткізіп, оның қорытындысы бойынша өз командаларын жасақтаған болатын. ҚР Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, оған 2500-ге жуық спортшы қатысқан.