«ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде «мефедрон» синтетикалық психотроптық есірткісін сату және 9300 АҚШ доллары сомасындағы жалған ақша қаражатын өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.
Күдіктіге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген ресми хабарламада.