Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қаңтар күні Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғын келген. Ол әйелінің жоғалып кеткені туралы айтып, табуға көмектесуге өтініш жасаған.
«Жергілікті тұрғынның сөзінше, 27 желтоқсанда 27 жастағы жұбайы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Тәртіп сақшылары келіншекті іздестіріп, тауып алған. Артынша үйіне жеткізген. Әйелдің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төндірмейді. Өз кезегінде отағасы қажырлы және жауапты жұмысы үшін полицейлерге алғысын білдіріп, қызметтетіне табыс тіледі» делінген хабарламада.