Шымкентте қалалық сенбілік өтті

None
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өткен сенбіде Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бүткіл қалалық сенбілік өтті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, таңертеннен күрек,қалақ, сыпырғы ұстаған қала әкімдігі мен «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері Бекет батыр көшесі бойын тазалап, қоқыстан тазартып, ағаш түбін қопсытып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді. Арнайы көліктер қоқыстарды қала сыртына шығарды.

Сондай-ақ «Орталық саябақта» қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері мен «Ақ тұлпар» шахмат клубының қарттары бірлесе отырып саябақ ішін тазартты. Жасы келсе де Отанға, қалаға деген сүйіспеншілігі мол қазыналы қариялар өз қолдарымен гүл түптерін қопсытып, қағаз-қалдықтарды тазалап, қызу түрде жұмыстар атқарды. Еңбеккер қарттар қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау-адамдық басты қасиет екендігін айтты.

Жалпы қала сенбілік үстінде. Қызу түрдегі қыруар еңбектер көшенің шырайына шырай қоса түскендей.

Соның ішінде, Шымкент қаласының №9 көркем гимнастика спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде де сенбілік қызу түрде ұйымдастырылды. Аталамыш спорт мектебінің басшысы Әлия Юсупованың басшылығымен жұмылдырылған қызметкерлер қала көшелері мен аулаларының тазаруына мол үлестерін қосты. "Алдағы уақытта да бұл шара аяқсыз қалмайды", - дейді сенбілікке атсалысушылар.

Шымкент қаласы аумағын көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру мақсатында 2011 жылдың 24 қыркүйек күні өткізілген жалпы қалалық сенбілікте бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, сенбілікке қала бойынша облыстық және басқармалар мен қала әкімдіктері берген мәлімет бойынша 61507 адамдар қатысты. 182,5 шақырым жол жиектері, 162,3 шақырым ирригация және арық жүйелері тазаланып, 1050,3 текше метрн күл-қоқыс шығарылды, 20243 дана ағаш әктелінді. Жұмысқа барлығы 150 техника жұмылдырылды.