Шымкентте «КамАЗ» жүк көлігі газ құбырына соқтығысты, құрбан болғандар жоқ - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында «КамАЗ» жүк көлігі газ құбырына соқтығысты, құрбан болғандар жоқ.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Төтенше оқиға бүгін түсте, Самал шағын ауданы, Сыздықов көшесіндегі үйлердің бірінің маңында болды. Көлік диаметрі 76 мм. орташа қысымды және диаметрі 57 мм. төменгі қысымды екі газ құбырын зақымдады. Газдың ауаға таралуы тоқтатылғанымен, 500-ге жуық жер үй газсыз қалды.

Төтенше жағдайды жоюмен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның 8 адамы мен 1 техникасы айналысуда.