АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте каналдардың бірінен ер адамның денесі табылды. 6 наурыз күні таңғы жетілер шамасында жергілікті тұрғындар полицияға қоңырау шалып, каналда адам денесі жатқанын хабарлаған, деп жазады Отырар.кз.
Канал ІІМ мектебі жанындағы №№ 55 және 59 үйлердің арасынан өтіп жатыр. Полицейлер оқиға орнын жетіп, 30-35-тер шамасындағы жақсы киінген ер адамның мәйітін тапқан. Оның қалтасынан портмоне, жеке куәлігі және банк картасы табылды.
Қайғылы оқиғаны қазіргі таңда криминалистер тергеп жатыр.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.