Шымкентте қарақшы кісіні өлтіріп, үйін өртеп жіберген

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қарақшы жергілікті тұрғынды өлтіріп, тонағаннан кейін үйін өртеп жіберген. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 18 маусым күні болған. Шымкентқаласында өртенген үйдің ішінен жергілікті тұрғынның мәйіті табылған.

«29 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы Полициядепартаментінің қызметкерлері қалатұрғынын өлтірген күдіктіні ұстады. Ол ауыр қылмыс жасағаннан кейін жалпы сомасы 1 млн 100 мың теңге болатын алтын бұйымдармен ақшаны ұрлап, тұрғын үйді өртеп жіберген. Кейін қылмыс орнынан бойтасалаған», - деді ведомстводан.

Анықталғандай, күдікті ұрланғанақшаға автокөлік сатып алған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің99-ыншы («Адам өлтіру»), 192-інші («Қарақшылық»)және 202-баптарымен («Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру») сотқа дейінгітергеп-тексеру жүргізілуде. 1 тамыз күні Шымкент қаласының Мамандандырылғантергеу соты ұсталған азаматқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі. Тергеу шаралары жалғасуда», - деді Полициядепартаментінен.

Соңғы жаңалықтар