Шымкентте қаруды байқаусыз қолдану салдарынан 18 жастағы жігіт қаза тапты
12:34, 20 Наурыз 2013
ШЫМКЕНТ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында травматикалық тапаншаны байқаусыз қолдану салдарынан жас азамат қаза тапты.
Екі достың бір-бірімен тапаншадан атып ойнағаны белгілі. Кенет олардың бірі тапаншаның сүріппесіне басып қалып, екіншісінің ұйқы күре тамырына оқ тигізді. Жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаға жас адамдардың көршілері куә болды. Олар сондай-ақ балалардың кішкентай кезінен таныс болғанын айтып берді. Адам өлтіруде күдікті жас азамат ұсталды.