Агенттіктің мәліметінше, аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Залал сомасы 700 млн теңгеден асады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
«Егер сіз және сіздің жақындарыңыз аталған қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз», - деді Қаржылық мониторинг агенттігінен.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.