Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ағымдағы жылдың 16 ақпанында қолға түскен.
«Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде ұсталған 27 жастағы күдікті Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті қамауға алынды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды» делінген хабарламада.