Шымкентте кәсіпкер мен оның әйелін өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте кәсіпкер мен әйелін өлтірген 28 жастағы айыпталушы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты марқұмдардың жүргізушісі болып істеген жігітті 25 жылға бас бостандығынан айырды.

Ол Қылмыстық кодекстің үш бабымен сотталған. «Айыпталушы Ерсұлтан Құлахметов Қылымыстық кодекстің 287-бабы 3-і бөлігі, 99 баптың 2-ші бөлігі 1 және 8 тармағы, 192 баптың 3-ші бөлігі 2-ші тармағы бойынша кінәлі деп танылған. Енді жазасын қауіпсіздігі барынша қатаңдатылған түзеу мекемесінде өтейтін болады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте кәсіпкер мен әйелін өз үйінде өлтіріп кеткенін және күдікті қылмыскердің ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.