Мектеп тапшылығы мәселесін қараған сессияда қала басшылығы әр жылы 15-ке жуық білім ұясы салынатынын атап өтті. Өйткені, білім ошақтарын дер кезінде көбейтпесе, үш ауысымды оқу жүйесі жалғаса бермек.
13:20, 24 Қыркүйек 2018
Шымкентте кәсіпкерлердің көмегімен 30 мектеп салынады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жыл сайын 24 мыңға жуық оқушы бірінші сыныпқа қабылданады. Сондықтан алып шаһарда әрбір оқу жылында 20 мың балаға арналған білім ұялары салынуға тиіс. Бұл мәселелер бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс 37 сессиясында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.