Шымкентте кәсіпкерлікті қолдауға арналған мәжіліс өтті

None
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында «Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар» тақырыбында мәжіліс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Н.Әлтаев, оңтүстік аймақтық индустриалды кешендердің басшылары және 500-ден астам облыс кәсіпкерлері қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жиын барысында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлікті бастау мен оны дамытуға берілетін жеңілдіктер мен гранттар жайында сөз қозғалып, инновациялық және жеке жобалар жайы талқыланды. Тоқтала кететін жайт, Қазақстанда Үкімет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған 30-ға жуық мемлекеттік бағдарламалар мен 100-ден астам қаржы алу жобалары қабылданған.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Н.Әлтаев «Бизнестің жол картасы - 2020», «Өнімділік - 2020», «Экспортер - 2020» мемлекеттік бағдарламаларының негізгі жолдарын айқындап, өнімнің Қазақстанда жасалатынын растайтын СТ-КЗ сертификаты жайында баяндама жасады. Мәжіліс барысында «Шымкент инновация» ЖШС мен бірқатар мекемелер арасында серіктестік жайында меморандумға қол қойылды», - делінген хабарламада.