Қалалық төтенше жағдай штабының мәліметінше, қауіпті вирусты жеңіп шыққандардың жастары 6 мен 74 аралығында. Дәрігерлер оларды емдеу барысында аса бір асқынулар болмағанын айтады. «Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткен. 3 мамыр күні 11 науқас ауруханадан шығарылған. Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 49 науқас дертінен айығып шықты», делінген хабарламада.
02:43, 04 Мамыр 2020
Шымкентте қауіпті індеттен тағы 11 адам айықты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Бұл науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.