Шымкентте қайыр сұраумен айналысқан 47 адамға айыппұл салынды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысқан азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері 28 ақпаны мен 6 наурыз аралығында қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысқан 43 адамды анықтап, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Барлық құқық бұзушыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Бүгінде қалада қаңғыбастар мен қайыршыларды анықтау, оларды ұстау және арнайы қабылдау-тарату орнына орналастыру, олар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау жұмыстары жүргізілуде.