Қайырымдылық шарасы аясында тұрмысы төмен және мұқтаж отбасыларға ең қажетті деген азық-түлік пен көкөніс таратылды.
«Шымкент – қайырымды қала. Бұған бүгінгі іс-шарамыз дәлел. Қаратаулық кәсіпкерлердің белсенділігін атап өтіп, алғысымызды жеткізгіміз келеді. Тұрмысы төмен отбасыларға 4 миллион теңгенің азық-түлігі және тұрмысқа қажетті заттар таратылды», – дейді Қаратау ауданының әкімі Абзал Шымкентбайұлы.
Қаратау ауданы әкімі аппараты кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гүлсина Бердібекованың айтуынша, іскер азаматтар бұдан өзге «Қайнарбұлақ» саяжайында өртеніп кеткен 3 үйдің шатырын жауып берген. Аудан аумағындағы мектептерге қайырымдылыққа құны бір миллион теңгеден асатын заттар табысталған.