Шымкентте қазақстан-иран форумында екі ел кәсіпкерлері бірлескен кәсіпорындар құрудың жолдарын талқылауда

ШЫМКЕНТ.  Желтоқсанның  15-і.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте 180-нен астам шетелдік    және 100-ге  жуық    отандық  компания  өкілдерінің   қатысуымен   қазақстан-иран  бизнес-форумы  өтуде.

 Бұл   екі ел кәсіпкерлерінің  осындай форматтағы   екінші  кездесуі -    алғашқы  форум      былтыр өткен   болатын.

Кездесу    өз    нәтижелерін    беруде -   жаңа бірлескен  кәсіпорындар  ашылды.   Бірақ    негізінен,   олар -  әзірге  Иран  мен  Қазақстан  өнімдері    сатылатын     сауда үйлері.     Бірақ  Кеден одағын    құру қарсаңында   Қазақстанда  экономикалық жағдай     өзгереді,     сондықтан   ирандық  кәсіпкерлер      ынтымақтастықтың  өз   әдістерін   үйлестірулері керек,  деп  санайды форумға қатысушылар.

«Кеден   одағы  құрылғаннан кейін ирандық тауарлардың бәсекеге қабілеті   төмендейді.   Иран тауарларының   Қазақстанда  қатысуының   жалғыз жолы -    бірлескен  кәсіпорындар  құру және  жинақтаушы   бұйымдарды   жеткізу.   Иран     қазір осы бағытта  жұмыс істеуде»,  - деді    Индустрия    және  сауда министрлігі  Сауда комитетінің  төрағасы Айдар Қазыбаев.

Екі ел    арасындағы  тауар  айналымы     жыл  сайын өтуде.   2008 жылы бұл көрсеткіш 602  миллион  долларды  құрады.

«Біз     Қазақстаннан  астық, асбест,   металл  бұйымдар,  мақта, мұнай-газ   және  металлургия саласының  өнімдерін  сатып  аламыз.   Бірақ қазір  біздің  еліміз      Қазақстанда  жүзеге асыру  үшін инвестициялық  жобалар іздестіруге ықылас    танытуда»,  - деді    Иранның сауда министрінің  орынбасары Хамид  Әлихами.

Форум аясында    Иран  кәсіпорындары өндірген тауарлардың    жәрмеңкесі  өтуде.  Сондай-ақ    секцияларда   өнеркәсіптің түрлі салалары мен  ауыл  шаруашылығы        мәселелері   талқылануда.   Кездесулердің  қорытындылары   бойынша   хаттамаларға    және  ынтымақтастық  туралы ниет   меморандумдарына  қол қойылады  деп жоспарлануда.