Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда көшелерде орын алған қылмыстардың саны 2723-тен 2568-ге азайып, көрсеткіші 6 пайызға түскен. Ал, жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың саны 218-ден 165-ке немесе 24 пайызға төмендеп отыр.
Жедел-қызметтік жұмыстардың нәтижесінде орын алған қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 13783-тен 12238-ге төмендеп, көрсеткіші -11 пайызға азайған. Қылмыстардың ашылу пайызы 30-дан 35-ке жақсарған. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 70-тен 73 пайызға, орта және ауырлығы онша емес қылмыстардың ашылымы 27-ден 31 пайызға жақсарып отыр.
Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде аса ауыр қылмыстардың саны 60-тан 41-ге төмендеп, түсу көрсеткіші 32 пайызды құраған. Адам өлтіру фактісі 27-ден 19-ға төмендеп, көрсеткіші 30 пайызға түскен. Денеге ауыр дәрежеде жарақат салу бойынша 65-тен 42-ге азайып, көрсеткіші 35 пайызға төмендеген. Қарақшылық қылмысы 23-тен 16-ға кеміп, көрсеткіші 30 пайызды құраған.
Тонау фактісі бойынша 442-ден 315-ке түсіп, көрсеткіші 29 пайыз болып отыр. Бұзақылық қылмысының саны 476-дан 410-ға төмендеп, көрсеткіші 14 пайызға азайған. Ұрлық қылмыстарының саны 8537-ден 7351-ге азайып, көрсеткіші 14 пайызды құрады. Бопсалау фактісі бойынша 32-ден 15-ке төмендеп, көрсеткіші 53 пайызға түскен.
Қаруды жымқырудың саны 9-дан 7-ге төмендеп, көрсеткіші 22 пайызды құрап отыр.
Орын алған қылмыстарды сотқа жолдау барысында өткен жылмен салыстырғанда сотқа жолданған істердің саны 4204-тен 4617-ге дейін көбейіп, 10 пайызға артып отыр. Оның ішінде жеделдетілген өндіріспен жолданған істердің саны 1004-тен 1516-ға жоғарылап, 51 пайызға артып отыр. Қайта тергеуге жолданған істердің саны 39-дан 53-ке немесе 35 пайызға өскені сотқа жолданған істердің санының 208 іске өсуі себеп болып отыр, алайда Республикалық көрсеткіштен 0,1 пайызға, яғни 1,5-тен 1,4-ке төмен. Тоқтату туралы қаулының бұзылуы 579-дан 503-ке немесе 13 пайызға төмендеген.