Шымкентте қоғамдық көлікпен болған жол апатынан бір адам қаза болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қоғамдық көлікпен болған жол апатынан бір адам қаза болды. Ауыр жарақат алған әйелдің бауыры мен өкпесіне қатты зақым келіп, ол аурухана төсегінде жан тәсілім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жедел жәрдем ауруханасы дәрігерлерінің сөзіне қарағанда, автобус аударылған күні емдеу мекемесіне алты адам түскен. Қазір оларға алған жарақаттарына байланысты емдеу шаралары жүргізілуде.

Еске салайық, жол көлік оқиғасы 13 маусым күні кешкі сағат алтылар шамасында Шымкенттің іргесінде орын алған. Жолаушылар автобусы мен жүк тасушы және «Opel» көліктері соқтығысып қалған болатын. Салдарынан 18 жолаушысы бар қоғамдық көлік бір аудалып түскен еді. Жол апатынан 15 адам жарақаттанып, алтауын жедел-жәрдем қызметі ауруханаға жеткізген. Қазір өңірдің тәртіп сақшылары жол көлік оқиғасына кінәлілерді анықтауда.