Сала мамандарының мәліметінше, қоғамдық көліктер «Евро 5» санатына жатады. «Ютонг» маркалы бұл автобустардың сыйымдылығы жоғары, заманауи және қолайлы.
Айта кетейік, бүгінде Шымкентте күнделікті 1151 автобус тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оның басым бөлігі 7 жылдан бері бағыттарда жүр.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, өткен жылы қалаға 41 жаңа автобустар әкелінген болатын.