«Газ қызметінің мамандары түні бойы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, газ құбырын қайта қалпына келтірді. Осы орайда тұрғындар назарына: Егер де газ құбырын соғып кеткен не зиян келтірген жүргізушіні байқасаңыз, автокөліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін жазып алып, «ҚазТрансГаз Аймақ» ОҚО филиалына хабар беріңіз», - делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше кешкі сағат 19.40 шамасында Сайрам мен Белинский көшелерінің қиылысында ауыр жүк көлігі орташа қысымдағы газ құбырын соғып кетті. Салдарынан екі көшенің бойында орналасқан 400-ге тарта үй көгілдір отынсыз қалған еді. Артынша қала әкімдігі мен «КазТрансГаз Аймақ» ОҚОФ барлық тұрғындарға шаруашылықта қолданыстағы газ құрылғыларын сөндіріп қоюды сұраған.