«Осы оқиғаға қатысты іс Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық полиция бөліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сот медициналық сараптамалар тағайындалып, анасы іздестірілуде. Табылған мәйіт толыққанды адам, жынысы қыз бала», - деді Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
Еске салайық, бүгін Шымкетте қоқыс полигонынан жаңа туылған нәрестенің мәйіті табылған болатын. Сәбидің өлі денесін күндізгі сағат 11:30 шамасында тұрмыс қалдықтарын зауытқа жеткізетін жүк тасымлдаушы тауып алған еді. Сөйтіп, дереу полицияға хабар берген.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қазір осы жағдайға байланысты тергеу шараларын жүргізуде.