Жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындары қатты жарылыстың даусынан оянып кетіп, далаға жүгіріп шыққан. Олар отқа оранған баған мен екі көлікті көрген. Бірақ куә болғандардың айтуынша, екінші машина оқиға орнынан дереу кетіп қалған.
Ішінде жолаушылары болған автокөлік кварталішілік газ құбырына соғылып, артынша газ тұтанған. Көліктің ішінде 4 адам - екі ер адам, әйел мен бір бала болды. Барлық ересек адамдар көз жұмды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар олардың денелерін майысқан көліктен арнайы техникамен алып шықты. 4 жасар бала ауруханаға жеткізілді.