Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 1 желтоқсан күні қаланың Бекет батыр мен Сайрам көшелерінің қиылысында болған еді. Toyota автокөлігін тізгіндеген 30 жастағы жүргізуші жаяу адамды қағып кетіп, жасы 50-55 шамасында ер азамат ауруханаға барар жолда көз жұмды. Кейіннен тәртіп сақшылары оның тұлғасын анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама таратып, көмек сұраған-ды.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тағайындалған бірнеше сараптамалар қорытындысы бойынша тиісті процесуалдық шешім қабылданатын болады.