Соңғы бір айда шымкентте көлік терезесін күңгірттеген 522 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5 бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ дер кезінде автокөлік иелерімен әйнектегі күңгірттеу қағазын алып тастау жұмыстары жүргізілді.
«Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жол үстіндегі құқық бұзушылықтарды болдырмау және оны дер кезінде анықтау мақсатында мегаполис жолдарында үздіксіз рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарт талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады», - делінген Шымкент қаласы Полиция департаменті таратқан ақпаратта.