Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөліктерге ұрлық түскені жайлы арыздар өткен жылдың қараша айынан түсе бастаған. Қаладағы Абай полиция бөліміне Түркістан қаласының тұрғыны арызданып, «Лада Ларгус» маркалы автокөлігінің ішінен белгісіз тұлға ірі көлемде ақша ұрлап кеткенін көрсетіпті.
Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері жеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген 20-25 жас шамасындағы күдікті ұсталды. Тергеу барасында сезіктінің бұрын-соңды сотты болғаны және басқа да автокөліктен жасалған ұрлықтың 8 жайтына қатысы бары анықталды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша оған қатысты «Ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жәбірленушілерге 6 млн теңгеге жуық шығын келтірген жігіт қамауға алынды.