Шаһар басшысының мәліметінше, көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін бюджеттен арнайы субсидия бөлінеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында көпбалалы аналар 1 наурыздан бастап Шымкенттегі қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл - аналарға әкімдіктің 8 наурызға деген сыйлығы болсын. Дегенмен, нарық талабын ескере отырып, көлік компанияларының осы бағыттағы шығындарына субсидия ретінде қаржы бөлеміз», - деп атап өтті Ғабидолла Әбдірахымов.
Айта кету керек, биыл қоғамдық көлікті жаңарту үшін Шымкентте 1 мың отандық автобус сатып алынады.