Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова жаңа орталықтарда болып, аналармен жүздесті. Оларды мазалаған мәселелермен танысып, сауалдарына жауап берді.
Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 30 мыңға жуық көпбалалы ана тұрады. Енді олар аталған орталықтарда жан-жақты қызметтер ала алады. Мұнда тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасалған. Қазір аналарға мемлекет тарапынан әр балаға берілетін 21 мың теңге бойынша құжат тапсыру барысы түсіндірілуде. Ал, 1-30 сәуір аралығында әлеуметтік көмек алу бойынша құжат қабылдау басталмақ.