Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама кеше сағат 21:48-де түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімдері төртінші қабаттағы пәтердің ішінде үй заттары мен балконы өртке оранғанын анықтады. Тілсіз жауды ауыздықтауға 23 адам және 6 техника, апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылған. Олар тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, жалынды толықтай сөндірген.
«Жалпы, өрттің көлемі 21 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер өртті 22:04-те оқшаулап, сағат 22:12-де толығымен сөндірді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» делінген хабарламада.