Бұл мақсатқа қала бюджетінен 12 миллион теңге бөлініп отыр.
Атап айтқанда, «Қарасу» ықшамауданында әкімдіктің осы тапсырысы бойынша конкурсты жеңіп алған «Тұран ЛТД» ЖШС жұмыс жүргізуде. Аулаларда әткеншектер, сырғанақтар, құмсалғыштар орнатылуда, спорттық ойындарға арналған алаңдар жабдықталуда.
Бұл бағыттағы жұмыстар Шымкентте осыдан екі жыл бұрын басталған болатын. «Қалада барлығы 537 аула бар, бірақ олардың тек бестен бірі ғана ойын алаңдарымен жабдықталған. Жұмыс жалғасуда, барлық аулада ойын алаңдары болуы керек», -дейді Шымкент әкімдігінің абаттандыру секторының меңгерушісі Ерубай Құралбаев. Ол сондай-ақ, бірінші кезекте әбден тозып біткен аулалардың абаттандырылып жатқанын мәлім етті. Қалалық мәслихат депутаттары қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін аулалардың тізімін жасап жатыр.