Жарыстың ашылу салтанатында халықаралық дәрежедегі төреші және чемпионаттың бас төрешісі Зарина Абдулкаримова мен облыс əкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сəттілік тіледі.
2 ақпанға дейін жалғасатын біріншілікте спортшылар жекелей жəне топтық жаттығуларда өнер көрсетуде. Өз өңірлерінде үздік шыққан хас шеберлер осылайша турнирде бақтарын сынап, осы жылы көркем гимнастикадан әлем чемпионаттарына қатысатын спортшылар анықталатын болады.