Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, ауру жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
«ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкентте қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 80 адам, 12 адам аурудан құлан-таза айығып кетті.