Шымкентте көшелерді қардан тазарту жұмыстары толассыз жүргізілуде

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте үш күннен бері қар жауып, қатты жел тұрған болатын. Қазіргі таңда көшелерді қардан тазарту жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың коммуналдық қызметінің жұмысшылары күндіз-түні тазалық жұмыстарын атқарып, қаланың «ЛТД Тұрмыс» пен «Югдорсервис», «Бəйтерек ЛБ» жəне «Нұртас сервис» мекемелерінің 151 техникасы бұл жұмыстарға жұмылдырылған.

Айта кетейік, 20-21 желтоқсанда қала аумағында күшті жел тұрып, электр жүйелері зақымдалған еді. Салдарынан бірқатар мөлтекаудандарда жарық сөндірілген. Сонымен қатар, Байтұрсынов көшесінде, Солтүстік, Нұрсат мөлтекаудандарында бірнеше үйдің жалпы көлемі 240 ш.м. шатырлары ұшқан. Оқиға орын алған жерлерде қалалық әкімдік пен төтенше жағдалар департаментінің қызметкерлері бірлесіп жұмыс атқарды. Артынша барлық шағынаудандардағы электр желілері іске қосылды. Шатыры ұшқан тұрғын үйлерге дер кезінде көмектер беріліп, жағдай ретке келтірілді. Қаладан шыға берістегі республикалық маңызы бар жолдардың да жабылатыны тұрақты түрде хабарланып, сақтық шаралары күшейтілуде