Бүгін ҰҚКД және Шымкент қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды. Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді.
Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.
21:35, 15 Шілде 2023
Шымкентте Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте пара алды деген күдікпен Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.