Кезекті шара барысында қаулы талаптарын өрескел бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталды.
Мәселен 26 қараша күні Ерімбетов көшесінде орналасқан «Тараз» кафесінде құдайы тамақ ұйымдастырылған.
Жиынға 40-қа жуық адам жиналған.
Сондай-ақ Ж.Аймауытов көшесінде ораналсқан «Чинар» дәмханасы сағат 23:29 шамасында карантин талаптарын сақтамай жұмыс істеп жатқаны анықталды.
Аталған 2 жайт бойынша нысан иелерінен түсініктеме алынып, заң аясында шара қолдану үшін жинақталған іс-құжат Шымкент қаласы Еңбекші ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.