ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте көліктіңгаз балоны жарылып, алты жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Қаратау ауданы, Нұрсат 2 шағын акданындағы №16 тұрғын үйдің алдында болған. «Kia Rio» маркалы автокөліктің артқы багажында көлемі 350 мл кішкентай газ балон жарылған. Салдарынан 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олардың 4-і балалар. «Жолаушыларға алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Өрт болған жоқ. Алдын ала болжам бойынша күн сәулесінен автокөліктің багажы қызып кеткен болуы мүмкін»-делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Оқиға орнына ТЖД-нің 15 қызметкері мен 3 дана техника жұмылдырылды.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.