Шымкентте құрылыс материалдарын сататын сауда нысаны өртеніп жатыр

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құрылыс материалдарын сататын сауда нысаны жанып жатыр. Өрт сөндірушілер сауда орталығына баратын жолды жауып, тілсіз жауды ауыздықтауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

 
Ескі шаһар аумағында орналасқан дүкенде бүгін түс кезінде от шығып, жан-жаққа тарай бастаған. Сатушылар оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметін шақыртты. Оқиға орнында қазір өңірдің ТЖД бірнеше өрт сөндіру көлігі тартылып, сөндірушілер жалынды ауыздықтауда.
 

Әзірге өрт сөндіріліп біткен жоқ. Мамандар жалынның жан-жаққа тарап кетпеуі үшін күш салуда. Себебі, құрылыс материалы тез жанып кететіні белгілі. Орталықта неше сауда нүктесі жанып жатқаны мен жалын қанша аумақты алғаны жөнінде қосымша ақпаратты ТЖД баспасөз қызметі кейінірек хабарлаймыз деп отыр.