ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте құрылысшы 9 қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға қаладағы құрылыс алаңдарының бірінде болған. Құрылысшы 9 қабаттан 7 қабатқа құлап түскен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға алып кеткен.
Дәрігерлердің зардап шеккен құрылысшыға жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ бұғанағының жабық сынығы, бүйрек соғылуы диагнозын қойып отыр.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастың қазіргі жағдайы қалыпты. Ауруханада ем қабылдап жатыр.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.