Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 11:39-да жаңа ғимараттан шыққан. Жалын жалпы көлемі 432 шаршы метр жер мен 258 шаршы метр шатыр аумағын шарпыды, құрылыс заттары жанып кеткен.
«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау сағат 12:19-да оқшауланып, сағат 12:46-да толығымен сөндірілген. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда өртті шығу себептері анықталуда», делінген хабарламада.