Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған қылмыс кеше, 4 маусым күні Қаратау ауданының аумағында орын алған.
«Қазір Қаратау аудандық полиция бөлімі қызметкерлері зорлық қылмысын жасады деген жасөпірімді ішкі істер органдарына жеткізіп, жауап алды. Осы оқиға бойынша бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жасөспірім 14 жасқа толмауына байланысты ата-аналарының жанына қалдырылды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.