Шымкентте Л.Якубовичтен айнымайтын азамат жүгері сатады
07:57, 16 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте "Поле чудес" бағдарламасының жүргізушісі Леонид Якубовичтен айнымайтын азамат бес жылдан бері қайнатылған жүгері сатады.
Оның дәмді тағамын тұтынатындар арасында "Якубовичтің жүгерісі" деген атау кең таралған, деп жазады 31-арна.
Ресейдің әйгілі "Поле чудесін" жүргізетін тележұлдызы Леонид Якубовичтің "көшірмесі" Шымкентте тұрады. Алпыс үшке келген Әди Мададовтың 7 баласы, 22 немересі бар. 5-6 жыл бұрын әйелі Гүлбаршынмен қайнатылған жүгері сатуды бастағалы тұтынушылар оның тағамын "Якубовичтің жүгерісі" деп атап кетіпті.