Дене жарақатын алған 12 жасар қызды автокөлік жүргізушісі Шымкент қаласының ауруханасына медициналық көмек көрсету үшін жеткізген. Қазіргі таңда дәрігердің айтуы бойынша дене жарақатын алған оқушының жағдайы тұрақты.
Осы жайт негізінде ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша СДТБТ-не тіркелді. Автокөлік айып тұраққа жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.