Оқиға бүгін таңертең қаладағы 11 шағын ауданында болған. Қаруланған белгісіз ер адам ломбардқа басып кірген. Салдарынан онда қызмет ететін кассир қыз зардап шекті. Қазір оқиға болған жерде тәртіп сақшылары жұмыс істеуде. Күдікті бойтасалап үлгерген. Алайда қылмыскердің өзімен бірге қандай бағалы заттар алып кеткені белгісіз.
Алмас СҰЛТАН