15 қаңтарда сағат 10:47-де «101» басқару пультіне Еңбекші ауданы Қапал батыр көшесіндегі өрт туралы ақпарат түскен.
Алғашқы бөлімшелер қызметкерлері оқиға орнына жетіп, өрт «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы макулатура өндейтін «Бумпром» ЖШС аумағында шыққанын анықтады.
Алдын ала мәліметтер бойынша жалпы ауданы 60х20 шаршы метр болатын жеке цех жанған. Ғимарат бір қабатты, автономды жылыту жүйесі бар. Ішінде 3 тонна макулатура болған. Картон қалдықтары жанған. Өрттің ауданы – 200 шаршы метр. Жарақаттанғандар, қаза тапқандар жоқ.
Өрт сағат 12:37-де оқшауланып, сағат 13:18-де сөндірілді.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 52 адам мен 14 техника жұмылдырылды.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі